САЙРАМ АУДАНЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ: 100-ДЕН АСТАМ БАЛАҒА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңа оқу жылының басталуына орай Сайрам аудандық филиалы Әйелдер қанатының «Мектепке нық қадаммен!» акциясы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында 100-ден астам оқушыға мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталды. Балалардың жаңа оқу жылына дайындығына қолдау көрсетуге аудан басшылығы, депутаттар мен жергілікті кәсіпкерлер атсалысты.
Акцияға Сайрам ауданының әкімі Мадияр Мұхтарұлы Оразалиев, «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева, Сайрам аудандық мәслихатының төрағасы Шамхат Розақұлұлы Халмурадов, аудандық мәслихат депутаттары және кәсіпкер-демеушілер қатысты.
Бұл күн балалар үшін тек сыйлық алумен шектелген жоқ. Шарадан кейін олар орталық саябақтағы ойын-сауық алаңына барып, түрлі аттракциондарда көңіл көтерді. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі игі бастаманың мазмұнын аша түсті.
Осындай ізгі іске үлес қосып, балалардың қуанышына себепкер болған барша кәсіпкер-демеушілерге алғыс білдіреміз.