Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 11 қыркүйек, 2026 Түркістан облысы

САЙРАМ АУДАНЫНДА ОТБАСЫ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Республикамызда жыл сайын қыркүйек айында "Отбасы күні" атап өтіледі. Мақсаты, Отбасы күнін мерекелеу - отбасын қоғамның іргелі негізі ретінде нығайтуға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, отбасылық құндылықтарды қолдауға және әрбір отбасының әл-ауқаты үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып табылады.

САЙРАМ АУДАНЫНДА ОТБАСЫ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Бүгін, "Әділет" партиясы Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен, "Әйелдер қанаты" жетекшісі Шынар Кенжебекова және әйелдер қанатының мүшелері, бір мезетте ерекше назар мен қолдауды қажет ететін шаңырақтарды аралауды бағыттап, бір күндік Республикалық мерекелік күнді Сайрам ауданында өткізді.

Бірінші болып, Сайрам ауданы, Жібек Жолы ауылының тұрғыны, 9 баланың анасы "Алтын Алқа" иегері, көп балалы Айнұр Жакипованың шаңырағына барып, отбасымен әңгіме-сұхбат жүргізді. Кездесу барысында, отбасы мүшелері жанұядағы қызықты сәттермен бөлісіп, берік отбасылық ұстанымдары, салт-дәстүрді дәріптеуі және отбасы құндылықтары туралы ойларын ортада бөлісті. Татұлық пен сыйластықты берік ұстанған отбасының өнегелі өмір жолы көпшілікке үлгі болды.

Сонымен қатар, Ақсукент, Қарасу, Ақбастау ауылының тұрғындары, көп балалы аналарды үйлеріне барып құттықтады. Әулеттің ең үлкені Раушан апа ақ батасын берді. Өз кезегінде Шынар Қонысбекқызы, отбасы - адамға жылу мен қолдау сыйлайтын, қуаныш пен қиындықты бірге бөлісетін ең қымбат құндылық екенін атап өтті. Өнегелі отбасылардың өмірлік тәжірибесі жас ұрпаққа үлгі болып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді деп, отбасы күнімен шын жүректен құттықтады.

Мерекелік шарада, ата-аналар мен балаларға сый-сияпаттар және тәттілер себеттері таратылды. Көп балалы аналар тарапынан ұйымдастырушыларға жылы лебездерін білдіріп, мың алғыстарын жеткізді.

6aa400f0e6586.jpg
6aa400f95eb74.jpg
6aa401031cddb.jpg

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мамыр, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 сәуір, 2026

Петропавл қаласында «Vildana Studio» сұлулық салонының иесі Вильдана Қожахметова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тегін курс ұйымдастырды.

Петропавлда «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының мүшесі, «Vildan...