СОЗАҚ АУДАНЫНДА ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Отбасы күніне орай «Әділет» партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшелері әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар табысталып, жан-жақты қолдау көрсетілді.
Акцияның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, қоғамдағы өзара қамқорлық пен жанашырлықты нығайту, сондай-ақ көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіру.
Осындай игі бастамалар арқылы Әйелдер қанаты қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және қайырымдылық мәдениетін дамытуға өз үлесін қосып келеді.
Бақытты отбасы – берекелі қоғамның кепілі!