Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы 28 мамыр, 2026 Қызылорда облысы

ТАРИХТАН - ТАҒЫЛЫМ, ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

ТАРИХТАН - ТАҒЫЛЫМ, ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты мүшелерінің ұйымдастыруымен «Өнер» бастауыш партия ұйымында «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Тарихтан – тағылым, өткенге – тағзым» атты ақпараттық сағат өтті.

Тағылымды шараның мақсаты – жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған боздақтардың есімін ұлықтау, тарихтың ауыр кезеңдерін жас ұрпақтың санасына сіңіру және өткеннен сабақ алуға үндеу болды. Ел тарихындағы зұлмат жылдардың ақиқаты мен жазықсыз жапа шеккен боздақтардың тағдыры кеңінен айтылды. Іс-шара барысында саяси қуғын-сүргін жылдарындағы халқымыздың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдер туралы зұлмат заманда ел үшін құрбан болған азаматтардың ерлігі мен тағдыры еске алынды.

Қатысушылар тарихи деректермен танысып, азаттық жолында құрбан болған тұлғалардың өмірі жайлы пікір алмасты. Сонымен қатар жастарды елін, жерін құрметтеуге, тарихты ұмытпауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақырған тағылымды ойлар ортаға салынды.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елжандылық пен рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
29 маусым, 2026

Бәйдібек ауданында «Күшің өзіңде: стресс басқару дағдылары» атты психологиялық және құқықтық көмек акциясы өтті.

“Amanat” партиясының Бәйдібек аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты қоғамдық ұйымы және Бәйдібек аудандық...

23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

8 мамыр, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

29 мамыр, 2026

Дағдарыс орталығының әйелдерімен кездесу

Әйелдер қанатының мүшелері Балжан Қожабекқызы мен Гүлнара Жақсылықызы “Отбасы банк” қызметкерлерімен бірлесіп,...

3 маусым, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

13 мамыр, 2026

Алматы қаласы «AMANAT» партиясы АҚФ жанындағы Әйелдер қанатының және Алматы Азаматтық альянсының бастамасымен, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің қатысуымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша диалог алаңы өтті.

Алматы қаласы «AMANAT» партиясы АҚФ жанындағы Әйелдер қанатының және Алматы Азаматтық альянсының бастамасымен,...