«Тексерілуге уақыт бөл» акциясы
Түркістан қаласында тұрғындардың денсаулығын нығайтуға және аурулардың алдын алуға бағытталған «Тексерілуге уақыт бөл» тақырыбында ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында «Сүт безінің саулығы туралы 5 минут» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әйелдер денсаулығын сақтау, аурудың алдын алу және уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы айтылды.
Шараға «Әділет» партиясы Түркістан облыстық әйелдер қанатының жетекшісі Жантөреева Қалыйма Жантөреқызы қатысып, тұрғындармен пікір алмасты.
Ашық есік күні аясында әлеуметтік осал топ өкілдеріне медициналық тексерулер ұйымдастырылып, мамандар тарапынан қажетті кеңестер берілді.
Денсаулықты кейінге қалдырмай, уақытылы тексеріліп тұру — аурудың алдын алудың маңызды қадамы!


