ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: ОТБАСЫН ҚОЛДАУ КҮНІ — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ҰЛЫҚТАЙТЫН ЕРЕКШЕ КҮН!
Отбасы — әр адамның жүрегіне жылу сыйлайтын, тәрбиенің бастауы, мейірім мен адамгершіліктің мекені. Берекелі отбасы — берік қоғамның, ал берік қоғам — қуатты мемлекеттің негізі. Осы айтулы күнге орай «Жастар Рухы» жастар қанатының отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бастамалары аясында Әйелдер қанатының төрайымы Ж. Жұмакулова және Әйелдер қанатының белсенді мүшелері бас қосып, отбасының қоғамдағы маңызы мен отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелерін кеңінен насихаттады.
Отбасы — тәрбие мектебі.
Бала бойындағы Отанға деген сүйіспеншілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет, еңбекқорлық пен жауапкершілік ең алдымен отбасында қалыптасады.
Әйел — отбасының ұйытқысы, қоғамның тірегі.
Бүгінде еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік және мәдени өміріне белсенді араласып жүрген әйелдер отбасы мен қоғам арасындағы алтын көпірге айналып келеді. Әйелдің мәртебесін көтеру, ана мен балаға қолдау көрсету, отбасы институтын нығайту — баршамызға ортақ міндет.
Жастар Рухы — отбасылық құндылықтарды жастар арасында кеңінен дәріптеуді маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Себебі елдің ертеңі — тәрбиелі, білімді, отансүйгіш және жауапты ұрпақтың қолында.
Бүгінгі таңда жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, ерте жастан жауапкершілікті қалыптастыру, ата-анаға құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын сақтау — аса маңызды.
Отбасы мықты болса — қоғам мықты.
Қоғам мықты болса — мемлекет қуатты!
Барша қазақстандықтарды Отбасын қолдау күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа шаттық, береке, татулық пен баянды бақыт тілейміз! ![]()
Берекелі отбасы — бақытты ұлттың бастауы!
Бірлігіміз бекем, шаңырағымыз биік болсын!

