Төлеби ауданында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алуға бағытталған ақпараттық шара өтті
Леңгір қалалық емханасы мен «Әділет» партиясы Төлеби аудандық филиалы бірлесе отырып, сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу және ауруды ерте анықтаудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдер арасында сүт безі ауруларының алдын алу жөніндегі ақпараттандыру деңгейін арттыру, профилактикалық тексерулердің маңыздылығын түсіндіру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Шара барысында медицина мамандары әйелдерге сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу, ауруды ерте анықтау және дәрігерге уақытылы қаралу жөнінде кеңестер берді. Сонымен қатар қатысушыларға профилактикалық тексерулерден тұрақты өтудің маңыздылығы түсіндірілді.
Осындай бірлескен шаралар халықтың денсаулығын сақтауға, аурулардың алдын алуға және медициналық сауаттылықты арттыруға бағытталған.
Денсаулыққа қамқорлық – жарқын болашақтың кепілі!


