ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ
Бүгін, 11 қыркүйек – Отбасы күніне орай, «Әділет» партиясы Түлкібас ауданындағы Әйелдер қанатының мүшелері көпбалалы және әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардың шаңырағына арнайы барып, бір күндік республикалық акция өткізді. Акция аясында қолдауға мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері табысталып, олардың жағдайына көңіл бөлініп, ізгі тілектер айтылды.
Бұл – отбасы құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, қиындыққа тап болған жанұяларға қолдау көрсетіп, қоғамдағы мейірімділік пен өзара көмекті нығайтуға бағытталған игі бастама.
Әйелдер қанатының мүшелері әр отбасының жағдайымен танысып, жылы лебіздерін білдіріп, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Осындай қарапайым, бірақ жүрекке жылу сыйлайтын қолдау әр отбасы үшін маңызды.
Отбасы – мейірім мен сүйіспеншіліктің мекені. Ал отбасыға қолдау көрсету – қоғамның ортақ жауапкершілігі.
«Әділет» партиясы алдағы уақытта да әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға назар аударып, қайырымдылық пен жанашырлыққа негізделген игі бастамаларды жалғастыра береді

