ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ: ЖАНҰЯҒА ЖЫЛУ – ҚОҒАМҒА ЖАУАПКЕРШІЛІК
Отбасы – мейірім мен жылулықтың, өзара қолдау мен татулықтың мекені. Осы құндылықтарды дәріптеу мақсатында 11 қыркүйек – Отбасы күніне орай «Әділет» партиясы Жетісай аудандық филиалының есепке алу және статистик бөлімінің меңгерушісі Тауов Төлебек Әшірбайұлы, Әйелдер қанатының мүшесі Ақылбаев Гүлнұр Жеңісқызы, Жаңа ауыл бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Қалтұрсын Кемалхан Мұратұлы әлеуметтік қолдауды қажет ететін көпбалалы отбасылардың шаңырағына арнайы барды.
Кездесу барысында отбасының тұрмыс-тіршілігімен танысып, қажеттіліктеріне назар аударылды. Игі бастама аясында жанұяға азық-түлік себеті табысталып, балаларға жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.
Қолдау – сөзбен емес, іспен көрсетілгенде мәнді. Осындай қарапайым, бірақ жүрекке жылу сыйлайтын бастамалар қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттыра түседі.
«Әділет» партиясы отбасы институтын нығайтуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған игі бастамаларды алдағы уақытта да жалғастыра береді.
Берекелі отбасы – берік қоғамның негізі!


