ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАММЕН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қолдау көрсету және олардың білім алуға деген ынтасын арттыру мақсатында Әйелдер қанатының «Мектепке нық қадаммен» акциясы аясында игі іс жүзеге асты.
“Әділет” партиясы Жетісай аудандық филиал төрағасы Асқар Қайназаров, Жетісай аудандық мәслихат депутаты Әбдіғаппар Сұлтан және кәсіпкер Ахметов Абай Жетісай ауданының 50 оқушысына мектепке қажетті құрал-жабдықтарды табыстады.
Атап айтқанда, оқушыларға жаңа рюкзактар, оқу құралдары сыйға берілді. Бұл көмек балалардың жаңа оқу жылына тыңғылықты дайындалып, мектепке көтеріңкі көңіл-күймен баруына өз септігін тигізері сөзсіз.
Балаларға жасалған мұндай қолдау – өскелең ұрпаққа деген қамқорлықтың және олардың жарқын болашағына деген сенімнің көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы балаларға қуаныш сыйлап, білім алуға деген ынтасын арттыруға мүмкіндік жасалады.
Жаңа оқу жылы барша оқушыларға сәттілік әкелсін! Білім жолындағы қадамдары нық болып, биік белестерді бағындыра берсін! ![]()


