Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Басымдық

Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау және заң жобаларының гендерлік сараптамасын ұйымдастыру

Әйелдердің саяси үдерістерге қатысуын кеңейту және мемлекеттік басқару мен заңнамада гендерлік теңдікті қамтамасыз ету.

Мақсаты

Әйелдердің саяси үдерістерге қатысуын кеңейту, олардың шешім қабылдауға ықпалын күшейту және мемлекеттік басқару мен заңнамада гендерлік теңдікті қамтамасыз ету.

Іске асыру тетіктері

01

Әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту

  • Тұрақты өзара іс-қимыл, тәжірибе алмасу және өзара қолдау үшін көшбасшы әйелдердің белсенді қауымдастығын қалыптастыру.
  • «Әділет» партиясының Мәжілістегі әйел-депутаттарын облыстық және аудандық мәслихаттардағы әйел-депутаттарға практикалық, әдістемелік және сараптамалық қолдау көрсету үшін бекіту.
  • «Әділет» партиясы Фракциясы жанынан «Томирис» жобасының көшбасшылары қатарынан депутаттардың қоғамдық көмекшілері институты — қоғамдық офис құру.
  • Әйел-көшбасшыларға арналған тағылымдамалар ұйымдастыру: өңірлердің нақты проблематикасын зерделеу, депутаттық сауалдар дайындау, нормативтік құқықтық актілерге енгізу үшін жаңа нормаларды әзірлеуге қатысу.
  • Заң жобаларын талқылау жөніндегі жұмыс топтарына қатысу арқылы әйел-көшбасшыларды заң шығару қызметіне тарту.
  • Дайындықтан өткен көшбасшы әйелдерді мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы басшылық лауазымдарға ілгерілету, сондай-ақ барлық деңгейдегі депутаттыққа ұсыну.
02

Гендерлік сараптаманы енгізу және гендерлік теңдікті ілгерілету

  • Партия фракциясында заң жобаларына міндетті гендерлік сараптама енгізуді бастамалау.
  • Мәжілістегі барлық заң жобаларына жұмыс тобының жетекшісі тарапынан гендерлік сезімталдық тұрғысынан жүйелі талдау жүргізу.
  • Қоғамдағы әйелдердің жағдайын жақсартуға бағытталған нормаларды насихаттайтын түсіндірме материалдарын (бейнероликтер, әдістемелік ұсынымдар) дайындау.
  • Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік алдында депутаттар мен мемлекеттік қызметшілерге арналған гендерлік саясат пен теңдік мәселелері бойынша біліктілікті арттырудың тұрақты бағдарламаларын енгізу туралы бастама көтеру.
  • Парламентте заң жобаларын қарау барысында нақты өмірлік кейстерді көрсету арқылы белсенді әйелдер мен депутаттардың қатысуымен заң жобаларының гендерлік аспектілерін жария түрде ілгерілету.

Күтілетін нәтижелер

Барлық деңгейде заңдар мен шешімдер қабылдау процестеріне ықпал ететін әйелдердің белсенді әрі орнықты қауымдастығын қалыптастыру.
Басшылық лауазымдардағы әйелдер санының артуы және олардың мемлекеттік басқару жүйесі мен қоғамдық өмірдегі рөлінің нығаюы.
Гендерлік теңдік қағидаттарын ескере отырып заңнаманы жетілдіру.
Жүйелі гендерлік сараптама арқылы мемлекеттік шешімдердің сапасын арттыру.
Тең мүмкіндіктер қағидаттарын сақтау негізінде қоғамның тұрақты дамуына жағдай жасау.