Жаңа заман әйел көшбасшысы: ықпал ету және шешім қабылдау
Көкшетауда әйел көшбасшылығының рөлі, оның қоғамдық үдерістерге ықпалы және шешім қабылдаудағы маңызы талқыланды.
2026 жылғы 6 сәуірде Көкшетау қаласында «Жаңа заман әйел көшбасшысы: ықпал ету және шешім қабылдау» тақырыбында іс-шара өтті. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы әйел көшбасшылығының рөлі, оның қоғамдық-саяси үдерістерге ықпалы және шешім қабылдау деңгейіндегі маңызы қарастырылды.
Іс-шара аясында әйелдердің әлеуметтік белсенділігін арттыру, басқару саласындағы қатысуын кеңейту және көшбасшылық дағдыларын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, заманауи қоғамдағы әйелдердің рөлі туралы өзекті пікірлерімен бөлісті.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға пікір білдіруге және ұсыныстар айтуға мүмкіндік берді. Бұл алаң әйел көшбасшылығын дамытуға бағытталған бастамаларды нығайтуға ықпал етті.