Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Жаңалықтар 3 қыркүйек, 2026 Батыс Қазақстан облысы

1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ ОРАЙ ӨТКЕН САЛТАНАТТЫ ШАРА

Бүгін – 1 қыркүйек, Білім күніне орай Бәйтерек ауданы Қасым Аманжолов Мектебі нде өткен салтанатты шараға қатыстым.

1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ ОРАЙ ӨТКЕН САЛТАНАТТЫ ШАРА

Бұл күн – ұстаздар үшін жауапты да мерейлі сәт, ата-аналар үшін қуаныш, ал оқушылар үшін жаңа үміт пен жаңа белестерге бастайтын ерекше күн.

Салтанатты шара барысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарында белсенділік танытып, елдік істерге өз үлесін қосқан үздік активист Баянғалиева Айданаға Дәдебай Айбек Арқабайұлының алғыс хаты табысталды. Бұл – оның еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметіне көрсетілген лайықты құрмет деп білемін.

Осындай елдің болашағына бейжай қарамайтын, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын азаматтардың еңбегі әрдайым жоғары бағалана берсін!

Барша ұстаздар қауымын, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Әсіресе, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ақ жол тілеймін!

Жаңа оқу жылы баршаңызға толағай табыс, биік жетістіктер, жарқын сәттер мен мол мүмкіндіктер сыйласын!

Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы жемісті әрі сәтті өтсін!

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

28 қыркүйек, 2026

«Жайна, өмір!» әлеуметтік-қайырымдылық іс-шарасы өтті

Орал қаласындағы Қариялар үйінде Қариялар күніне орай "Әділет" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Әй...

15 қыркүйек, 2026

Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

Орал қаласындағы «Эстетикалық бағыттағы гимназияда» Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

18 қазан, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 қазан, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...