11 қыркүйек – Отбасы күні қарсаңында «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының мүшелері ерекше назар мен қолдауды қажет ететін отбасыларға барып, бір күндік республикалық акцияға қатысты.
11 қыркүйек – Отбасы күні қарсаңында «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының мүшелері ерекше назар мен қолдауды қажет ететін отбасыларға барып, бір күндік республикалық акцияға қатысты.
Акция барысында шаңырақ иелерін Отбасы күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, арнайы сыйлықтар табыстады. Басты мақсат – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы өзара қолдау мен жанашырлықтың маңызын көрсету.
Отбасы – мейірім мен махаббаттың, түсіністік пен бірліктің мекені. Осындай игі бастамалар адамдарға көңіл бөліп, жақсы көңіл-күй сыйлауға бағытталған.
Әр шаңыраққа амандық, береке және бақыт тілейміз! 🤍