4 қыркүйекте Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Ақтау қаласы кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынды Кеңес төрайымы Раушан Аймурзаева жүргізді. Отырыс барысында Кеңестің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары қа
4 қыркүйекте Маңғыстау облысының «Атамекен» палатасында Ақтау қаласы кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтіп, отандық өндірушілер тізілімінің жаңа талаптары, өндіріс ашуды қолдау шаралары және «Business GO» жобасы талқыланды.
https://www.instagram.com/reel/Dc5JX76N_Pj/?stkn=MWx4Nnl5M2kwYmY0eA==
4 қыркүйекте Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Ақтау қаласы кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынды Кеңес төрайымы Раушан Аймурзаева жүргізді.
Отырыс барысында Кеңестің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, отандық тауар өндірушілер тізіліміне қатысты жаңа талаптар мен қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесі талқыланды. Сондай-ақ өңірде өндіріс ашуды жоспарлаған компанияларды қолдау шаралары сөз болды. Аталған мәселелер бойынша «LEX Business Consulting» ЖШС басшысы Ольга Левкова ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар Business GO жобасы таныстырылып, Кеңес құрамын жаңарту және алдағы жұмыс бағыттары талқыланды. Отырыс соңында кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар жинақталып, оларды тиісті бағыттар бойынша пысықтау жөнінде пікір алмасты.