«Әділет» партиясы «Мектепке нық қадаммен!» акциясы аясында отбасыларға қолдау көрсетті
«Әділет» партиясы «Мектепке нық қадаммен!» акциясы аясында отбасыларға қолдау көрсетті
«Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы партияның белсенді мүшелері мен депутаттармен бірге Ұлан ауданында өткен «Мектепке нық қадаммен!» партиялық акциясына қатысты.
Акция аясында партия мүшелері Привольное ауылының көпбалалы отбасыларына барып, жаңа оқу жылы қарсаңында қолдау көрсетті.
«Әр бала үшін жаңа оқу жылы сенімнен, қолдаудан және тең мүмкіндіктерден басталуы керек. Сапалы білім – болашақтың негізі, ал балаларға қамқорлық жасау – баршамызға ортақ жауапкершілік», – деді Жанат Мекеева.
«Мектепке нық қадаммен!» акциясы тек материалдық көмек көрсетуге ғана емес, балалардың жаңа оқу жылын сенімді бастап, өз мақсаттарына нық қадаммен ұмтылуына жағдай жасауға бағытталған.
«Әділет» партиясы мұндай қолдауға аса мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсетуді жалғастырып, білім беру және өскелең ұрпақты әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.