«Әділет» партиясы облыстық сайлауалды штабының өкілдері Гүлсара Жаманкулова және Несібелі Басенова «Үміт-Надежда», «Мир нашими глазами» және Қазақстанның зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен жүздесті.
Жиында әлеуметтік қолдау, қызметтердің қолжетімділігі және мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді айтып, ұсыныстарын жеткізді.
«Әділет» партиясы облыстық сайлауалды штабының өкілдері Гүлсара Жаманкулова және Несібелі Басенова «Үміт-Надежда», «Мир нашими глазами» және Қазақстанның зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен жүздесті.
💬 Жиында әлеуметтік қолдау, қызметтердің қолжетімділігі және мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді айтып, ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар, жиын барысында азаматша К. Бисембаеваның жеке үйіне газ құбырын жүргізу мәселесі де назардан тыс қалмады. Аталған түйткілді толық әрі объективті қарастыру, тиісті түсініктемелер мен ақпарат алу мақсатында қалалық мәслихат депутаты Гүлфия Дандыбаева құзырлы мемлекеттік органдарға арнайы депутаттық сауал жолдайтын болады.
📖 Қазақстанның зағиптар қоғамының өкілдеріне «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасына қатысты Брайль қарпімен дайындалған үгіт-насихат материалдары табысталды.