Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Жаңалықтар 11 қыркүйек, 2026 Батыс Қазақстан облысы

«Әділет» партиясы Отбасы күні қарсаңында отбасыларға қолдау көрсетті

Отбасы күні қарсаңында «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Бауржан Бектұрған және облыстық партия филиалының әйелдер қанатының жетекшісі, Орал қалалық мәслихатының депутаты Нұргүл Ашикова Отбасын қолдау орталығына барып, орталықтағы балалар мен отбасыларға арнайы сыйлықтар табыстады.

«Әділет» партиясы Отбасы күні қарсаңында отбасыларға қолдау көрсетті

Іс-шара барысында балаларға ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамытуға арналған пайдалы ойыншықтар, ал отбасыларға азық-түлік себеттері берілді.

Кездесуде Бауржан Бектұрған Отбасын қолдау орталығының қоғамдағы маңызды рөліне тоқталды.

«Отбасы – қоғамның негізгі тірегі. Отбасын қолдау орталығы қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсетіп, отбасылардың мәселесін шешуге және балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуіне ықпал етіп келеді. Орталықтың отбасы институтын нығайтудағы және балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасаудағы еңбегі ерекше», – деді партия филиалының төрағасы.

Ал партияның әйелдер қанатының жетекшісі Нұргүл Ашикова орталық қызметкерлеріне күнделікті атқарып жүрген жауапты әрі қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Кездесу соңында орталықта тұрып жатқан отбасылар көрсетілген назар мен қолдау үшін ризашылықтарын білдіріп, балаларға арналған сыйлықтар мен азық-түлік себеттері үшін алғыстарын жеткізді. Олар игі бастамалардың жалғасын тауып, мұндай қолдаудың алдағы уақытта да көрсетіле беруіне тілектестік білдірді.

Айта кету керек, ағымдағы жыл бойынша «Отбасын қолдау орталығына» аз қамтылған және көпбалалы отбасылар санатындағы 670 азамат түрлі әлеуметтік, құқықтық және психологиялық мәселелер бойынша жүгініп, оларға жалпы саны 714 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 92 әлеуметтік, 118 психологиялық және 338 заңгерлік қызмет көрсетілген. Бұл көрсеткіштер Орталықтың қиын жағдайға тап болған отбасыларға кешенді қолдау көрсетудегі маңызды рөлін айғақтайды. Бұл көмектер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

«Әділет» партиясы үшін отбасы құндылықтарын нығайту, балалардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға назар аудару – маңызды бағыттардың бірі.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

28 қыркүйек, 2026

«Жайна, өмір!» әлеуметтік-қайырымдылық іс-шарасы өтті

Орал қаласындағы Қариялар үйінде Қариялар күніне орай "Әділет" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Әй...

15 қыркүйек, 2026

Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

Орал қаласындағы «Эстетикалық бағыттағы гимназияда» Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

18 қазан, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 қазан, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...