Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 11 қыркүйек, 2026 Шымкент қ.

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ
Отбасы – адамға өмірдің алғашқы сабағын беретін, мейірім мен жауапкершілікті қатар үйрететін қасиетті орта. Осы құндылықтарды жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Шымкент қаласындағы Жол-көлік колледжінде Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыттың бастауы» атты тағылымды іс-шара өтті.
Жиынға «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов, Әйелдер қанатының мүшелері, сондай-ақ колледж ұстаздары мен студенттер қатысты.
Кездесуде отбасының қоғамдағы орны, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, жастардың отбасылық өмірге дайындығы және ұлттық құндылықтардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы сөз болды.
Жиын барысында Ербол Байқонысов қатысушыларды Отбасы күнімен құттықтап, отбасы құндылықтарын дәріптеуге үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа алғыс хат табыстады.
«Отбасы – адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Жастарға отбасының қадірін түсіндіру – баршамызға ортақ міндет. Өйткені бүгінгі студент – ертеңгі ата-ана, ал оның отбасындағы ұстанымы келесі ұрпақтың тәрбиесіне әсер етеді. Сондықтан мұндай кездесулер жастармен ашық сөйлесіп, отбасы құндылықтарының мәнін бірге талқылауға мүмкіндік береді», – деді Ербол Байқонысов.
Көпбалалы аналар – бір отбасының ғана емес, тұтас қоғамның демографиялық және тәрбиелік әлеуетіне үлес қосып отырған жандар. Сондықтан оларды қолдау, олардың әлеуметтік мәселелеріне назар аудару және қоғамдағы беделін арттыру – отбасы саясатының маңызды бағыттарының бірі.

Тегтер
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау және заң жобаларының гендерлік сараптамасын ұйымдастыру Өндірістегі әйел және гендерлік бюджеттендіру