«Әділет» партиясының Алматы қалалық филиалында Әйелдер қанатының отырысы өтті
Кездесу аясында азаматтардың, балалар мен отбасылардың әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды әлеуметтік мәселелер қаралды. Негізгі тақырыптардың бірі «Қарызсыз қоғам» жобасының жүзеге асырылуын талқылау болды. Қатысушылар азаматтардың борыштық міндеттемелері, қаржылық сауаттылықты арттыру және қажетті қолдауды алу мүмкіндіктері мәселелерін талқылады.
«Әділет» партиясының Алматы қалалық филиалында Әйелдер қанатының отырысы өтті
Кездесу аясында азаматтардың, балалар мен отбасылардың әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды әлеуметтік мәселелер қаралды.
Негізгі тақырыптардың бірі «Қарызсыз қоғам» жобасының жүзеге асырылуын талқылау болды. Қатысушылар азаматтардың борыштық міндеттемелері, қаржылық сауаттылықты арттыру және қажетті қолдауды алу мүмкіндіктері мәселелерін талқылады.
Бөлек назар «АУС (аутистік спектрдің бұзылуы) бар балалар үшін тең мүмкіндіктер: мінез-құлық терапиясының қолжетімділігі және отбасыларды қолдауды күшейту» тақырыбына аударылды. Қатысушылар мінез-құлық терапиясының қолжетімділігі, ата-аналарды қолдау және аутистік спектрі бұзылған балалардың толыққанды дамуы мен әлеуметтенуі үшін жағдай жасау мәселелерін талқылады.
«Әділет» партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының төрағасы Алтынай Көбеева әлеуметтік мәселелерді шешуде жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтіп, отыбасыларды қолдау тетіктерін одан әрі дамыту, сондай-ақ азаматтармен ашық диалог жүргізу қажеттілігіне тоқталды.
Мұндай кездесулер азаматтардың пікірін тыңдауға, өзекті мәселелерді анықтауға және оларды шешудің практикалық жолдарын бірлесе әзірлеуге мүмкіндік береді.
«Әділет» партиясының Әйелдер қанаты отбасын қолдауға, балалардың мүдделерін қорғауға және әрбір адам үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған жұмысын жалғастыруда.