ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ – БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
«Отбасы – бақыт мекені» облыстық форумы өтіп, жас отбасыларды қолдауға бағытталған «Жас отау» клубы ашылды.
«Әділет» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының сарапшысы, «Анаға тағзым» орталығының директоры Дамира Маратовна Сүгірбайдың ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» атты облыстық форум өтті.
Форумға «Әділет» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дәурен Каипов, Әйелдер қанатының мүшелері, жас отбасылар мен аналар қатысты.
Басқосудың басты жаңалығы – «Жас отау» клубының ашылуы. Бұл – жас отбасыларға алғашқы қадамдарында қолдау көрсетіп, өзара тәжірибе алмасып, отбасы мәселелерін мамандармен бірге талқылайтын маңызды алаң.
Отбасының беріктігі – тек ерлі-зайыптылардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Жастарға дұрыс бағыт беріп, қиындықтың алдын алу – ажырасудың алдын алудың да тиімді жолдарының бірі.
«Әділет» партиясы үшін отбасы институтын нығайту – тұрақты әрі әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Өйткені мықты отбасы – тәрбиелі ұрпақтың, ал тәрбиелі ұрпақ – берік мемлекеттің негізі.











