ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Қордай ауданындағы «Аяла» отбасын қолдау орталығының мамандарына отбасыларды сүйемелдеу және көрсетілетін көмектің сапасын арттыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
📌 Әйелдер қанатының сарапшысы Д. Сүгірбай бастаған топ Қордай ауданындағы «Аяла» отбасын қолдау орталығына әдістемелік көмек көрсетті.
📌 Кездесу барысында орталық мамандарының жұмысы, отбасыларды анықтау және әлеуметтік сүйемелдеу, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға кешенді көмек көрсету мәселелері қаралды.
📌 Сонымен қатар, FSM Social платформасындағы сигналдармен жұмыс, құжаттамаларды жүргізу, кейстерді сүйемелдеу және көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық көмектің сапасын арттыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілді.
📌 Әдістемелік кездесу орталық мамандарының кәсіби тәжірибесін жетілдіріп, отбасыларға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыруға бағытталды.
