ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ АСҚАР ТАУЫ
Отбасы күніне орай «Әділет» партиясының өкілдері жалғызбасты әкені мерекемен құттықтап, қолдау білдірді.
«Әділет» партиясы Меркі аудандық филиалының төрағасы Кулаим Шағатаева және партия жанындағы Әйелдер қанатының үйлестірушісі Клара Ракаева Отбасы күніне орай Андас батыр ауылының тұрғыны, жалғызбасты әкеге арнайы барып, ізгі тілектерін білдіріп, мерекемен құттықтады.
Отбасы – қоғамның берік тірегі. Ал әке – отбасының қорғаны, шаңырақтың тірегі. Осындай мерекелік күнде қамқорлық пен қолдауға мұқтаж жандардың жанынан табылып, жылы лебізімізді білдіру – адамгершілік пен жанашырлықтың белгісі.
