АЛҒЫС ХАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
Облыстық штабтың жұмысына белсенді атсалысқан азаматтарға партия басшылығының Алғыс хаттары табысталған ресми іс-шараға қатыстым.
Жастармен бірге атқарған жұмыстарымыздың нәтижесінде партия басшылығының атынан оларға Алғыс хат табыстау мәртебесіне ие болдым.
Сайлау науқаны кезінде белсенділік танытып, елдік мәселелерге бейжай қарамай, ортақ мақсат жолында еңбек еткен барша жастарға алғысымды білдіремін. Әрқайсысының үлесі мен еңбегі зор.
Жастардың белсенділігіне қарап, елдің ертеңіне деген сенімің арта түседі. Қоғамдық жұмыстарға араласып, ел дамуына үлес қосуға ниетті жастардың көп болғаны қуантады.
Осыған дейін де, алдағы уақытта да жастардың бастамаларын қолдап, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға өз үлесімді қосуға тырысамын!