Алматы облысында әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Әйел өмірі үшін – Во имя жизни женщины» кездесу өтті
Іс-шара барысында әйелдердің қоғамдағы рөлі, отбасы құндылықтары, ана мен бала денсаулығы және әйелдердің әлеуметтік мәселелері жөнінде пікір алмасу ұйымдастырылды.

Кездесуге белсенді әйелдер, қоғам өкілдері мен сала мамандары қатысып, өзара тәжірибе бөлісті. Жиын барысында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
