Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 13 ақпан, 2026 Алматы облысы

«Домалақ ана»: Алматы облысында әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының «Домалақ ана» әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды. Жобаның мақсаты – өңірдегі қыз-келіншектердің бастамаларына жан-жақты қолдау көрсету, олардың көшбасшылық әлеуетін арттыру және қоғамдық-саяси үдеріске белсенді қатысуына жағдай жасау.

«Домалақ ана»: Алматы облысында әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды

Жиынға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 100-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында әйел депутаттар, ауылдық округ әкімдері, іскер әйелдер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының өкілдері, көпбалалы аналар мен партия белсенділері бар. Кездесу өңірдегі түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді әйелдердің басын қосқан кең ауқымды алаңға айналды.

 

Облыстық Әйелдер қанатының төрағасы Меруерт Молдашева өңірдегі әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігіне тоқталды. Оның айтуынша, Алматы облысында 57 мыңнан астам партия мүшесі бар, олардың 76 пайызы – әйелдер. Сонымен қатар барлық деңгейдегі 228 депутаттың 48-і – нәзік жандылар. Бір аудан әкімі және 7 ауылдық округ әкімі қызметін әйелдер атқарып отыр.

69fd9f36cc851.jpeg

 

«Алматы облысының әлеуметтік саласын, білім мен медицинаны, көптеген кәсіпкерлік бастамаларды әйелдер алып жүр. Күнделікті тіршілікте де, басқару деңгейінде де олардың үлесі айқын сезіледі. Осы шынайы ахуал қоғамдағы әйелдердің рөлін жүйелі түрде қолдауды талап етеді. Сондықтан бұл бағыт «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге! » сайлауалды бағдарламасына енгізілген», – деді Меруерт Молдашева.

69fd9f3f9c76b.jpeg

 

Жиын барысында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаев сөз сөйлеп, «Домалақ ана» мектебі өңір әйелдерінің басқарушылық құзыретін арттыруға бағытталған маңызды жоба екенін атап өтті. Оның айтуынша, партия жанындағы «TOMIRIS» жобасы аясында да бірқатар әйелдер саяси менеджмент бағытында арнайы даярлықтан өткен.

 

«Республикалық «TOMIRIS» жобасы аясында соңғы жылдары біздің өңірден 5 азаматымыз қатысып, саяси коммуникация, жобалық басқару және қоғаммен байланыс бағытында тәжірибе жинақтап келді. Енді сол алған білім мен тәжірибе облыс деңгейінде жалғасуы тиіс. Осы сабақтастықтың жалғасы ретінде бүгін Әйелдер қанаты «Домалақ ана» саяси көшбасшылық мектебінің жұмысын бастап отыр. Алдағы уақытта өңірде әйелдердің кадрлық резервін қалыптастыру қажет. Белсенді, жауапты, кәсіби әйелдерге мүмкіндік берілуі тиіс. Осы алаңнан өңірдің қоғамдық-саяси өміріне салмақты ықпал ететін жаңа есімдер шығады деп сенемін», – деді филиал төрағасы Қуат Байғожаев.

69fd9f472c6e2.jpeg

Іс-шара барысында қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласып жүрген бірқатар әйелдер Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар партия қатарына түрлі саланың белсенді өкілдері қабылданды.

 

Айта кету керек, «Домалақ ана» әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі пленарлық отырыстар, панельдік талқылаулар, мотивациялық кездесулер және тренинг элементтері форматында өткізіледі. Бағдарлама аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, нақты кейстерді талқылап, басқарушылық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алады. Жобаға қатысуға ниет білдірген азаматтар «AMANAT» партиясының аумақтық филиалдары арқылы тіркеле алады.

69fd9f534aa27.jpeg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

8 мамыр, 2026

«AMANAT»: Қонаевта депутаттар мен әкімдер халықпен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін меңгеруде

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен функционалдық құзыретті дамы...

4 мамыр, 2026

Алматы облысында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында пандустарына мониторинг

Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін қолайлы орта қалыптастыру, олардың қоғам өміріне толыққанды қатысуына жа...

6 мамыр, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

23 мамыр, 2026

Қарағандының жасыл болашағын бірге қалыптастырамыз

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акцияға қатысты. Қарағ...