Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 8 мамыр, 2026 Алматы облысы

«AMANAT»: Қонаевта депутаттар мен әкімдер халықпен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін меңгеруде

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен функционалдық құзыретті дамытуға арналған үш күндік модульдік оқу басталды.

«AMANAT»: Қонаевта депутаттар мен әкімдер халықпен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін меңгеруде

4-6 мамыр аралығында өтетін семинарға Алматы облысынан 135 қатысушы жиналды. Олардың қатарында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және партия филиалдарының қызметкерлері бар.

 

Жоба партия Төрағасы Ерлан Қошановтың бастамасымен жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – өңірлердегі өзекті мәселелерді жедел шешуге, азаматтармен ашық әрі сындарлы диалог орнатуға қабілетті жаңа форматтағы басқарушы кадрлар корпусын қалыптастыру.

 

Семинардың ашылуында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыров қазіргі жергілікті басқару жүйесінде кәсіби дайындықтың, стратегиялық ойлаудың және тұрғындармен ашық диалог жүргізе білудің маңызы ерекше екенін атап өтті.

 

«Бұл жай ғана оқу емес. Бұл – жергілікті басқару сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам. Бүгінде халықпен жұмыс істейтін әрбір азамат мәселені естіп қана қоймай, оны шешудің жолдарын ұсына білуге тиіс. Жобаның басты мақсаты – уақыт талабына сай, стратегиялық тұрғыдан ойлай алатын және тиімді шешім қабылдай білетін басқарушылар корпусын қалыптастыру», – деді Серік Нұрқадыров.

 

Білім беру бағдарламасында теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілген. Тыңдаушылар бюджеттік жоспарлаудың қыр-сырын, өңірлік басқару, командалық жұмыс және көшбасшылық бағытты меңгеруде. Сондай-ақ шешендік өнер мен саяси науқандарды ұйымдастыру технологияларына ерекше назар аударылған. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары Динара Торина, журналист Салтанат Оңғар және Назарбаев Зияткерлік мектептері Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Сапура Жолдасбаева сынды жоғары деңгейдегі сарапшылар қатысушылармен өз тәжірибесімен бөлісуде.

 

«AMANAT» партиясы Орталық аппараты Ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаменті басшысының орынбасары, Саяси менеджмент академиясының лекторы Жандос Қалтаевтың айтуынша, модульдік оқыту еліміздің барлық өңірін қамтитын жүйелі бағдарлама ретінде іске асырылуда.

 

«Бағдарлама алты модульден тұрады. Онда көшбасшылық қабілет, шешендік өнер, саяси науқандарды ұйымдастыру, коммуникация, қаржы және бюджет мәселелері қарастырылады. Оқу тек дәрістермен шектелмейді: әр модульден кейін қатысушылар білімін растау үшін тестілеуден өтеді. Тест 20 сұрақтан тұрады. Кемінде 50 пайызына дұрыс жауап беру қажет», – деді Жандос Қалтаев.

 

Оқыту бірнеше кезеңнен тұрады. Қарқынды офлайн-курс аяқтағалғаннан кейін қатысушылар жергілікті жерлердегі нақты мәселелерді шешуге бағытталған жеке жоба әзірлеуге кіріседі. Кураторлар идеяны пысықтаудан бастап оны қорғауға дейін сүйемелдейді. Курсты сәтті аяқтағандарға сертификат беріледі, ал үздік нәтиже көрсеткен тыңдаушылар партияның кадрлық резервіне кіру мүмкіндігіне ие болады.

 

Айта кетейік, ауқымды білім беру марафоны 14 сәуірде Астанада басталды. Осы уақытқа дейін Абай, Жетісу, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының өкілдері оқуды аяқтады. Бұл бастама «AMANAT» партиясының ішкі кадрлық саясатын жаңғыртып қана қоймай, өңірлердегі басқарушылық шешімдердің тиімділігін едәуір арттыруға бағытталған.

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

29 сәуір, 2026

Алматы облысында әйелдерге жасанды интеллект мүмкіндіктері таныстырылды

Цифрлық сауаттылық, стартап және жасанды интеллект бойынша оқыту өтті

13 мамыр, 2026

Алматы облысында Әйелдер қанатының төрайымы "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында азаматтарға жеке қабылдау өткізді

Қабылдау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен олардың отбасы мүшелері әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту...

8 маусым, 2026

Абай университетінде әйелдер көшбасшылығын дамытуға арналған жаңа EMBA бағдарламасы іске қосылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған...

23 қаңтар, 2026

«Таңшолпан»: Қостанай облысында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытудың жаңа кезеңі

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға...