Алматы облысында Сүт безінің саулығы туралы ақпараттық кездесуі өтті
1 қазаннан бастап елімізде әйелдер денсаулығына ерекше назар аударуға бағытталған «Әйел өмірі үшін» республикалық ақпараттық айлығы басталды. Осы маңызды бастама аясында «Әділет» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен кездесу өтті.

Әйелдер денсаулығын сақтау, сүт безі ауруларының алдын алу және онкологиялық ауруларды ерте анықтаудың маңыздылығын арттыру мақсатында Талғар аудандық ауруханасының онколог-маммолог дәрігерлерімен ақпараттық кездесу өтті.
Кездесуге «Әділет» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының мүшелері қатысты.
Кездесу барысында мамандар сүт безі саулығына қатысты маңызды ақпараттармен бөлісіп, аурудың алғашқы белгілері мен қауіп факторларын, скринингтік тексеруден өтудің маңыздылығын және медициналық көмекке жүгіну жолдарын түсіндірді.
Сондай-ақ, дәрігерлер әйелдерді өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге және күмәнді белгілер байқалған жағдайда дәрігерге дер кезінде жүгінуге шақырды.
💗 Денсаулыққа бейжай қарамау – аурудың алдын алудың маңызды қадамы! Ерте анықтау – тиімді емнің кепілі.
