Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 16 мамыр, 2026 Жамбыл облысы

AMANAT-пен бірге: Берекелі отбасы – бақытты қоғам

Халықаралық отбасы күніне орай Тараз қаласында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған мерекелік іс-шара өтті.

AMANAT-пен бірге: Берекелі отбасы – бақытты қоғам

AMANAT партиясы жанындағы Әйелдер қанаты «Балаңа уақыт арна» жобасын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Халықаралық отбасы күніне орай Тараз қалалық білім бөлімімен бірлесіп «Отбасы – бақыт мекені» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараны Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Партияның Тараз қалалық мәслихатындағы депутаты Нариман Мәуленов, Аналар кеңесінің жетекшілері Күлзипа Абдрахманова мен Ардақ Жантаева отбасының қоғамдағы рөліне тоқталып, ақжарма тілектерін жеткізді.

Кездесуге Тараз қаласындағы мектеп оқушыларының ата-аналары қатысып, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, отбасылық дәстүрлерін таныстырып, көпшілікке жылы әсер сыйлады. Кездесу барысында үлгілі отбасылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі мейірім мен бірліктің маңызын әсерлі көріністер арқылы көрсетті. Іс-шара соңында белсенді әрі үлгілі отбасылар AMANAT партиясының Алғыс хаттарымен марапатталып, спорттық іс-шаралар мен демалыс саябақтарына сертификаттар табысталды.

6a1d4488ab5a5.jpg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

3 маусым, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мамыр, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

19 наурыз, 2026

"ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ – РАМАЗАН ШУАҒЫ" ФОРУМЫ

19 наурыз күні Қарасу ауылдық округі әкімдігі мен "Amanat" партиясы Сайрам аудандық филиалы жанындағы Әйелдер...