Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 29 мамыр, 2026 Шымкент қ.

АMANAT: ШЫМКЕНТТЕ «ИНКЛЮЗИВТІ ЖҮГІРІС – 2026» СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Инклюзивті жүгіріс – 2026» спорттық іс-шарасы өтті.

АMANAT: ШЫМКЕНТТЕ «ИНКЛЮЗИВТІ ЖҮГІРІС – 2026» СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкент қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған «Инклюзивті жүгіріс – 2026» спорттық іс-шарасы өтті. Шымкент қаласы әкімдігі мен AMANAT партиясының қолдауымен ұйымдастырылған шараны «Arman Alemi» кедергісіз қозғалыс қауымдастығы өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету, қоғамда инклюзивті мәдениетті дамыту және балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру болды. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан игі бастамаға биыл 800-ден астам бала мен олардың ата-аналары қатысты. Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен жарыс жолына шығып, спорттық сайыстың ерекше атмосферасын сезінді. Салтанатты жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ербол Байқонысов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының амбассадоры Алина Дубинина, «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі кеңестің төрайымы Баян Жандосова, Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дарменов қатысып, балаларға сәттілік тіледі. Іс-шара барысында сөз сөйлеген Ербол Байқонысов қоғамның ерекше қажеттілігі бар балаларға деген қамқорлығы мен қолдауы әрдайым маңызды екенін атап өтті. «Әрбір бала бақытты балалық шаққа, сапалы білім мен жан-жақты дамуға лайық. Бүгінгі шараның маңызы – тек спорттық жарыс өткізуде емес, балаларға қуаныш сыйлап, олардың өз мүмкіндіктеріне сенімін арттыруда. “AMANAT” партиясы алдағы уақытта да инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыра береді», – деді ол.
Жүгіру марафоны барысында балалар өздерінің белсенділігі мен жігерін көрсетіп, жарысқа ерекше ынтамен қатысты. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы бағдарламалар дайындады. Марафонға қатысқан балаларға естелік медальдар табысталып, балмұздақтар мен тәттілер үлестірілді. Ал жарыста ерекше белсенділік танытып, төзімділігі мен шапшаңдығымен көзге түскен қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар ерекше балалардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне және өз қабілеттерін дамытуына оң ықпал етеді. «Инклюзивті жүгіріс – 2026» мерекелік шарасы балаларға қуаныш сыйлап, қатысушылар мен қонақтарға ұмытылмас әсер қалдырды.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

26 мамыр, 2026

Әйелдер қанаты: тұрғындар мәселесіне қолдау

1 маусым, 2026

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАУ — БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

1 маусым қарсаңында Шымкент қалалық мәслихат депутаты, Әйелдер қанатының белсенді мүшесі Айжан Наимбекова ерек...

15 мамыр, 2026

⚡Алматы қалалық «AMANAT» партиясы филиалының алаңында «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9–11 сынып түлектерін қолдау және әлеуметтендіруге арналған кездесу өтті.

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!