ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ТІЛЕГІ МАҢЫЗДЫ
«Әділет» партиясы Әйелдер қанаты бастамасымен Жамбыл облысы Сарысу тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды.
Әйелдер қанатының мұрындық болуымен Сарысу ауданында партияның аудандық филиалының төрағасы А.Шортанбай мүмкіндігі шектеулң жандардың өзекті проблемалары бойынша тұрғындарды қабылдады. Қабылдауда тұрғындар Жаңатас қаласы, 1-шағынаудан, 9-үйдің алдына ойын алаңшасын салу және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Өтініш иелеріне заң аясында жауап беріліп, мәселелердің шешілуіне ықпал ететілетіні жеткізілді.
«Әділет» партиясы әрбір азаматтың құқығын қорғауға, кедергісіз орта қалыптастыруға және мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуына, еңбек етуіне, еркін қозғалуына әрі қоғам өміріне тең дәрежеде қатысуына жағдай жасауға басымдық береді.
