Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Ауылдық жерде әйелдердің бизнесі... 3 маусым, 2026 Түркістан облысы

«АУЫЛДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының төрайымы Рабиға Отыншиева, ауданның белсенді кәсіпкерлері мен Әйелдер қанатының мүшелері қатысты. Атап айтқанда, Бибімария Тұрмаханова, Нұржамал Төлеуова, Әмина Қалманбаева, Рысты Райымқұлова, Айжан Манапова, Жансая Ерденова және ауданымыздағы бірқатар кәсіпкер әйелдер бас қосып, өзара тәжірибе алмасты.

«АУЫЛДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

      Кездесу барысында ауыл әйелдерінің кәсіпкерлік саласындағы белсенділігін арттыру, мемлекеттік бағдарламалар арқылы көрсетілетін қолдау тетіктерін тиімді пайдалану, жаңа жобаларды жүзеге асыру және бизнесті дамыту бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

💬Дөңгелек үстелде “Әйелдер қанатының төрайымы” Рабиға Отыншиева сөз сөйлеп, ауыл әйелдерінің кәсіпкерлікке белсенді араласуы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіпкер Әмина Қалманбаева өз кәсібін жүргізудегі тәжірибесімен бөлісіп, кәсіп бастаудағы табандылық пен еңбектің маңызына тоқталды. Ал кәсіпкер Бибімәриям Тұрмаханова ауыл кәсіпкерлігін дамытудағы өзекті мәселелерге тоқталып, әйелдердің өзара тәжірибе алмасуы мен ынтымақтастығының маңызын атап өтті.

Сонымен қатар Әйелдер қанатының мүшесі Нұржамал Төлеуова сөз алып, ауыл әйелдерінің қоғамдық өмір мен кәсіпкерлік саласындағы белсенділігін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде Жансая Ерденова ауылдық жерлерде кәсіп бастауға ниетті әйелдерге қолайлы жағдай жасау және олардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін осындай кездесулердің маңызы зор екенін жеткізді. Ал Айжан Манапова кәсіпкер әйелдердің жетістіктерін кеңінен насихаттау, олардың жаңа жобаларын қолдау және өзара ынтымақтастықты дамыту бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті.

Қатысушылар өз кәсіптерінің қалыптасу жолы мен жетістіктері туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіпкерлікті дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Шара барысында кәсіпкер әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, олардың бастамаларына қолдау көрсету және табысты тәжірибелерін кеңінен насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысында алдағы уақытта кәсіпкер әйелдердің қатысуымен ауқымды форум ұйымдастыру, үздік жобаларды облыстық деңгейде таныстыру және өзара ынтымақтастықты нығайту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу алаңына айналып, ауыл әйелдерінің кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың негізін қалады.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мамыр, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

16 қаңтар, 2026

Ақтөбедегі әйелдер қанаты мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жолдарын қарастырды

29 мамыр, 2026

Әйелдер көшбасшылығын дамыту мәселелері талқыланды

ИДЕЯДАН ІСКЕ: ӘЙЕЛДЕР БАСТАМАСЫ