Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 10 қыркүйек, 2026 Жамбыл облысы

ӘЙЕЛ. ЕҢБЕК. ТАБЫС – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

Тараз қаласында «Әйел. Еңбек. Табыс» кездесуі өтіп, іскер әйелдер тәжірибелерімен бөлісіп, әйелдер кәсіпкерлігі мен еңбек белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.

ӘЙЕЛ. ЕҢБЕК. ТАБЫС – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

«Әділет» партиясы Тараз қалалық филиалы және қалалық Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Анаға тағзым» орталығында облысымыз бен қаламыздың іскер, кәсіпкер және белсенді әйелдері бас қосқан «Әйел. Еңбек. Табыс» атты мазмұнды кездесу өтті.
Кездесуге қатысқан Әйелдер қанатының жетекшісі мен белсенді мүшелері  Жаннат Ертаева, Амина Қайназарова, Дамира Сүгірбай, Зарина Қуатова т.б. іскер әйелдер өздерінің еңбек жолы мен кәсіптегі тәжірибелерімен бөлісіп, қиындықтарды еңсеру, табысқа жету және өз мүмкіндігіне сену жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды. Әрбір тағдырлы әңгіме – ізденіс пен табандылықтың, еңбектің нәтижесі екенін көрсетті.
Кездесуде әйелдердің еңбек нарығындағы белсенділігі, кәсіп бастау мен оны дамытудағы мүмкіндіктері, қаржылық сауаттылық, өз ісін дөңгелету жолдары және отбасы мен жұмысты қатар алып жүрудің қыр-сыры сөз болды.
«Әділет» партиясы жанындағы  Әйелдер қанаты еңбек адамының абыройы, әлеуметтік теңдік пен әр азаматқа мүмкіндік беру мәселесі ерекше назар аударуда. Осы тұрғыдан алғанда, әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру, кәсіпкерлігін қолдау және әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасау – маңызды бағыттардың бірі.
«Әйел. Еңбек. Табыс» кездесуі – өзара тәжірибе алмасатын ғана емес, әйелдің еңбегін бағалап, оның қоғамдағы орнын айшықтайтын маңызды алаңға айналды.
Өйткені әйелдің табысы – отбасының берекесі, әйелдің еңбегі – қоғамның қуаты, ал белсенді әйел – ел дамуының қозғаушы күші.
Еңбек бар жерде – береке бар.
Мүмкіндік бар жерде – табыс бар.
Ал әділет бар жерде – әр әйелдің өз әлеуетін жүзеге асыруына жол бар!

6aa3b7b37fd96.jpg
6aa3b7b3b431a.jpg
6aa3b7be295fa.jpg
6aa3b7be32b0c.jpg
6aa3b7d0dccdb.jpg
6aa3b7d0c8d90.jpg
6aa3b7d0d668f.jpg
6aa3b7d174995.jpg
6aa3b7d150007.jpg
6aa3b7d162bc2.jpg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 маусым, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мамыр, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...