«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН»
Әйелдің денсаулығы — отбасының амандығы, қоғамның саулығы!
https://www.facebook.com/share/r/1GrxA1nfSx/
Ақтау қаласында «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен, Маңғыстау облыстық онкология емханасының қолдауымен «Әйел өмірі үшін» бір айлық акциясы аясында әйелдерге арналған медициналық тексеру өтті.
Шараны ұйымдастыруға «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Әйелдер қанатының жетекшісі Пания Оңалбайқызы Сармурзина бастамашылық жасап, әйелдердің денсаулығына көңіл бөлу, сүт безі обырын ерте анықтау және алдын алу бағытында маңызды жұмыс атқарылды.
Акция барысында әйелдер маммография, УДЗ тексерулерінен өтіп, онколог мамандардан кеңес алды.
Бұл — әйел денсаулығын қорғауға, аурудың алдын алуға және медициналық тексеруден уақытылы өтудің маңызын түсіндіруге бағытталған әлеуметтік бастама.
Әйелдің денсаулығы — отбасының амандығы, қоғамның саулығы!