«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН»: "АШЫҚ ЕСІК" КҮНІ ӨТТІ
Жамбыл облысы Жамбыл ауданында партияның Әйелдер қанаты «Әйел өмірі үшін» ақпараттық айлық аясында «Ашық есік» күнін ұйымдастырды.
Жамбыл аудандық емханасында өткен «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» — әйел денсаулығына қамқорлық шарасы - «Ашық есік» күнінің ашылуында аудандық Әйелдер қанатының жетекшісі Дамира Дармагамбетова акцияның негізгі мақсаты мен бағыт-бағдарын түсіндіріп, әйелдер денсаулығына жауапкершілікпен қараудың және профилактикалық тексерулерден уақытылы өтудің маңыздылығына тоқталды.
Акция қатысушылары маммография және УДЗ тексерулерінен өтіп, онколог мамандардан қажетті кеңестер алды. Барлығы 12 әйел скрининтен өтті.
Аталған әлеуметтік бастама әйелдер арасында аурудың алдын алу, ерте диагностикалау және денсаулықты сақтаудың маңыздылығын арттыруға бағытталған.
Әйелдің денсаулығы — отбасының амандығы, қоғамның саулығы!


