«Әйел өмірі үшін» — Меркі ауданында марафон өтті!
Жамбыл облысы Меркі аудандық партия филиалы және Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен сүт безі обырының алдын алу мақсатында «Әйел өмірі үшін» атты марафон белсенді түрде өткізілді.
Әйел денсауығына қамқорлықты насихаттауға бағытталған марафон барысында нәзік жандыларға символикалық қызғылт ленталар мен шарлар таратылып, әрбір әйелдің өмірі мен денсаулығының маңыздылығы тағы бір мәрте атап өтілді. Біз бірге болғанда күштіміз!


