“ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН” науқаны
«JAMBYL” телеарнасынан Қазан айы – сүт безі обыры туралы ақпараттандыру айлығы туралы ашық әңгіме жүргізілді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, әлемде сүт безі обыры (рак) өте жиі кездеседі.
Ең бастысы – бұл ауруды ерте анықтау және емді уақытында бастау өмірді сақтап қалады. Егер сүт безінде қандай да бір түйін, тері немесе өзгерісі байқалса, скринингті күтпей, дереу дәрігерге көріну қажет. Ауру туыстарда болмаса да, әр әйел тұрақты тексеріліп тұруы тиіс.
Қазіргі заманауи медицина ісікті толық емдей алады. Бұл ретте науқасқа тек онколог емес, психолог пен оңалту мамандарының да қолдауы ауадай қажет. Емнің басынан аяғына дейін мамандардың сүйемелдеуі әйелдерге сенімділік береді.
Қазан айы – сүт безі обыры туралы ақпараттандыру айлығы. Осыған орай, “Әділет” партиясы Әйелдер қанатының мүшелері «JAMBYL” телеарнасының арнайы түсіріліміне қатысты. Бағдарламада «Әділет” партиясы филиалы төрағасының кеңесшісі Р.Тұрмаханбетова және Облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының дәрігері, онколог-маммолог Алмаш Күзенбаевна Тоғызбаева әйел денсаулығын сақтаудың маңыздылығын талқылады.
Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау – әр әйелдің өз отбасы алдындағы міндеті.



