«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН»: СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ
«Әділет» партиясы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» сүт безі обыры туралы республикалық ақпараттандыру айлығы аясында Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы «Әулиата Феникс» ұжымында ақпараттық кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – әйелдер арасында сүт безі обырының алдын алу, ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы туралы түсінікті әрі пайдалы ақпарат беру.
Кездесу барысында «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының мүшесі Р. Тұрмаханбетова және облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Ж. Сейдахметов сөз сөйлеп, сүт безі обырының негізгі қауіп факторлары, алғашқы белгілері, алдын алу жолдары және заманауи диагностикалау әдістері туралы кеңінен түсіндірді.
Мамандар профилактикалық тексеруден уақытылы өтуге шақырды. Ауруды ерте кезеңде анықтау – дер кезінде ем қабылдауға мүмкіндік беретінін жеткізді
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.







