«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН»: ТАРАЗДА СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТТАНДЫРУ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
«Әділет» партиясы Әйелдер қанатының «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» республикалық ақпараттандыру айлығы Тараздағы Абай атындағы гуманитарлық колледжден басталды.
«Әділет» партиясы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» сүт безі обыры туралы республикалық ақпараттандыру айлығы Тараз қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжден бастау алды.
Іс-шараға колледж студенттері мен оқытушылар құрамы қатысып, әйелдер денсаулығын сақтау, сүт безі обырының алдын алу және ауруды ерте кезеңде анықтаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат алды.
Кездесу барысында «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының мүшесі Р. Тұрмаханбетова және облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Ж. Сейдахметов сөз сөйлеп, сүт безі обырының алдын алу, қауіп факторлары, аурудың алғашқы белгілері және заманауи диагностикалау әдістері туралы кеңінен түсіндірді.
Мамандар ауруды ерте анықтау емнің нәтижелі болуына тікелей әсер ететінін атап өтіп, әйелдерді өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге және күмәнді белгілер байқалған жағдайда дәрігерге жүгінуге шақырды.
Сонымен қатар қатысушыларды сүт безін өздігінен тексеру тәсілдері, маммографиялық скринингтің маңызы, медициналық тексерулерден өтудің тәртібі туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында студенттер мен оқытушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, онколог маманнан нақты жауаптар алды.








