Әйелдер қанаты: бала тәрбиесі – баршаға ортақ жауапкершілік
«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты Шу ауданында «Балаңа уақыт арна» акциясы аясында ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған іс-шара өтті.
“AMANAT” Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен Шу ауданында «Балаңа уақыт арна» акциясы аясында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Жиында Айман Әшімова сөз сөйлеп, отбасы құндылықтарын сақтау мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Шараға М.Х. Дулати, Абай, Д.Қонаев атындағы мектептердің, «Өнер» мектебі мен Балалар орталығының ата-аналары мен оқушылары белсене қатысты.
Қонақтар назарына келесі жобалар ұсынылды: «Smart bala», «Оқырмандар», «Кітаппен қанаттан» зияткерлік жобалары; «Шашбау тағу», «Әжемнің құрағы» дәстүрлі рәсімдері; «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла» экологиялық көрмесі.Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттырып, балаларға сапалы уақыт бөлудің маңыздылығын насихаттау.