Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы 4 қыркүйек, 2026 Шаян а.

«Әйелдер қанаты: құқық, қауіпсіздік, қолдау»

Әйелдер қанаты алдағы уақытта да әйелдердің құқықтық сауатын арттыруға, олардың мәселелерін назарға алуға, отбасы құндылықтарын нығайтуға және қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға бағытталған жұмыстарды тиісті мекемелермен бірлесе отырып жалғастыра береді.

«Әйелдер қанаты: құқық, қауіпсіздік, қолдау»

Әйелдердің құқықтық сауатын арттыру, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдердің өз құқықтарын қорғауына қолдау көрсету – қоғам үшін маңызды бағыттардың бірі.

Осы мақсатта Әйелдер қанатының бастамасымен Бәйдібек аудандық Отбасын қолдау орталығымен бірлесе отырып, әйелдердің құқықтары мен қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның салдарымен күресу, өз құқықтарын қорғау, заңнамадағы жаңашылдықтар және құқықтық көмекке жүгіну алгоритмі жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Кездесуде аудандық Әжелер алқасының төрайымы Әлиева Әтір Өзбекқызы отбасы тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, ұрпақ сабақтастығы және үлкеннің өнегесі туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Әсіресе отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершіліктің бала тәрбиесіне әсеріне тоқталды.

Ал полиция капитаны Қозбанов Нұржан Қасқырбайұлы отбасылық жанжалдардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың өз құқықтарын білуінің маңыздылығы жөнінде маңызды түсіндірмелер берді.

Әйелдің құқығы – отбасының ғана емес, тұтас қоғамның мәселесі.
Сондықтан әйел өз құқығын білуі, қажет жағдайда қайда және кімге жүгіну керектігін түсінуі – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды қадамы.

Әйелдер қанаты алдағы уақытта да әйелдердің құқықтық сауатын арттыруға, олардың мәселелерін назарға алуға, отбасы құндылықтарын нығайтуға және қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға бағытталған жұмыстарды тиісті мекемелермен бірлесе отырып жалғастыра береді.

Құқығын білетін әйел – өзіне сенімді әйел.
Ал өз құқығын қорғай алатын әйел – қоғамның берік тірегі.

#ӘйелдерҚанаты
#ӘйелҚұқығы
#ҚұқықтықСауаттылық
#ЗорлықЗомбылыққаЖолЖоқ
#ОтбасынҚолдауОрталығы
#БәйдібекАуданы
#ӘйелҚұқығынҚорғау


 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

4 қыркүйек, 2026

Әйелдер қанаты – белсенділіктің қанаты, сенімнің салмағы

Бәйдібек аудандық«Әйелдер қанатының жетекшісі» ретінде үгіт-насихат тобының жұмысына белсенді атсалысып, кезде...

4 қыркүйек, 2026

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ: САНАЛЫ АТА-АНА – САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ

Әйелдер қанаты үшін әйел мәселесі – тек құқық қорғаумен шектелмейді. Әйелдің отбасындағы жағдайы, оның бала тә...

3 маусым, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

13 мамыр, 2026

Алматы қаласы «AMANAT» партиясы АҚФ жанындағы Әйелдер қанатының және Алматы Азаматтық альянсының бастамасымен, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің қатысуымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша диалог алаңы өтті.

Алматы қаласы «AMANAT» партиясы АҚФ жанындағы Әйелдер қанатының және Алматы Азаматтық альянсының бастамасымен,...