Әйелдер қанаты: Жүрек жылуы және шынайы қамқорлық
“Әділет” партиясы Мойынқұм аудандық филиалының Әйелдер қанаты Мүгедектер күніне орай «Ерекше балаларға арналған орталықта» балаларға қуаныш сыйлаған қайырымдылық шарасын өткізді.
Игі істің басы-қасында болған партияның аудандық филиалы төрағасы Манарбек Көшкінбаев пен аудандық Әйелдер қанатының жетекшісі Ғалия Шубаева орталық бүлдіршіндеріне арнайы дайындалған сыйлықтар тарту етті.
Шара барысында орталық ұжымымен сырлы сұхбат ұйымдастырылып, маңызды ұсыныстар мен ақжарма тілектер тыңдалды. Әйелдер қанатының жетекшісі Ғалия Шубаева орталық қызметкерлеріне қанаттың негізгі жұмыс бағыттарын таныстырып, алдағы уақытта да бірлескен жобалардың жалғасын табатынын жеткізді. Мейірімділік пен ізгілікке толы бұл кездесу балалардың жүзіне күлкі, үлкендердің көңіліне сенім ұялатты.

