ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖАҢА ЖЕТЕКШІСІМЕН АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫС ӨТТІ
Бүгін әйелдер қанатының жаңа жетекшісі Нұргүл Ашикованың төрағалығымен алғашқы жұмыс отырысы өтті.
Отырыста жыл соңына дейінгі жұмыс жоспары таныстырылып, алдағы кезеңнің негізгі бағыттары талқыланды. Қатысушылар тарапынан бірқатар нақты ұсыныстар мен бастамалар көтерілді.
Атап айтқанда:ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған «Ашық есік күндерін» өткізу және аудандарда көшпелі кездесулер ұйымдастыру;
әлеуметтік осал топтағы аналарға жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін оқыту курстары мен білім беру сертификаттарын қарастыру; әйелдер арасында профилактикалық тексерулер мен скринингтерді насихаттау
жасөспірімдер мен студенттер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, вейп пен электронды темекінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту;
ерекше балаларды қолдау мақсатында дамыту орталықтарымен және арнайы балабақшалармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру.
Отырысты қорытындылаған Нұргүл Ашикова қатысушыларды белсенді ынтымақтастыққа және көтерілген бастамаларды нақты істермен жүзеге асыруға шақырды.
«Бірлесе атқарған жұмыс – нақты нәтижеге бастайды. Әр бастаманың артында қоғамға пайда әкелетін нақты іс тұруы керек», – деді ол.
Алдағы уақытта әйелдер қанаты әйелдер мен жастарды қолдау, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жағдай жасау және әлеуметтік маңызы бар мәселелердің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.