Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 6 маусым, 2026 Қарағанды облысы

Әйелдер көшбасшылығын дамыту бағдарламасындағы жаңа кезең

Әйелдер қанатының өкілі Гүлмира Отыншина Назарбаев Университетінде Әйелдер көшбасшылығын дамыту бағдарламасы бойынша оқуын бастап, әйелдер мен отбасыларды қолдау бағытындағы кәсіби біліктілігін арттыруда.

Әйелдер көшбасшылығын дамыту бағдарламасындағы жаңа кезең

Бүгін Әйелдер қанатының өкілі ретінде Назарбаев Университетіндегі Әйелдер көшбасшылығын дамыту бағдарламасы (WLDP) бойынша оқуымды бастадым.

Бұл білім мен үшін әйелдермен және отбасылармен жұмыс істеуде жаңа тәсілдерді меңгеруге, бастамаларды тиімді іске асыруға және қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге қосымша мүмкіндік береді.

Бағдарламаға еліміздің түрлі өңірлерінен келген білім беру, мемлекеттік басқару, бизнес және азаматтық қоғам салаларының өкілдері қатысуда. Барлығын біріктіретін ортақ мақсат — өз саласында оң өзгерістердің бастамашысы болу.

WLDP бағдарламасы көшбасшылық дағдыларды жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді. Алынған білім мен тәжірибе әйелдерді қолдау, отбасы институтын нығайту және әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға көмек көрсету бағытындағы жұмыстарда қолданылатын болады.

Үздіксіз даму мен білім алу — қоғам игілігі жолындағы тиімді қызметтің маңызды негіздерінің бірі.

Гүлмира Отыншина

Тегтер
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау және заң жобаларының гендерлік сараптамасын ұйымдастыру Психологиялық қызмет институтының жұмыс істеуіне жәрдемдесу Ауылдық жерде әйелдердің бизнесін дамытуға және әйелдердің қаржылық сауаттылығын қамтамасыз етуге көмектесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...

23 мамыр, 2026

Қарағандының жасыл болашағын бірге қалыптастырамыз

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акцияға қатысты. Қарағ...

8 маусым, 2026

Абай университетінде әйелдер көшбасшылығын дамытуға арналған жаңа EMBA бағдарламасы іске қосылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған...

23 қаңтар, 2026

«Таңшолпан»: Қостанай облысында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытудың жаңа кезеңі

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға...