Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Халықаралық ынтымақтастықты дамы... 14 ақпан, 2026 Қарағанды облысы

Әйелдің қоғамдағы рөлі — қолдау, кәсібилік және үйлесім

Психолог, медиатор және қоғам белсендісі Гүлмира Отыншина кәсіби және қоғамдық қызметі туралы айтып, әйелдердің қоғамдағы орны мен отбасы құндылықтарының маңыздылығына тоқталды.

Әйелдің қоғамдағы рөлі — қолдау, кәсібилік және үйлесім

Сіздермен Гүлмира Отыншина. Өмірімде бірнеше бағытты қатар алып келемін: педагогика магистрі, практик-психолог, аккредиттелген психодрама-терапевт және супервизормын. Қарапайым тілмен айтқанда — адамдарға өзін естуге және өзгелермен түсінісе білуге көмектесемін.

Менің кәсіби жолым Мәскеу гештальт және психодрама институтымен тығыз байланысты. Бүгінде аталған оқу орнында оқытушы әрі Қазақстандағы өңірлік өкіл ретінде қызмет атқарамын. Сонымен қатар кәсіби медиатор-конфликтологпын. Мен үшін шешілмейтін дау жоқ, тек айтылмай қалған эмоциялар бар.

Қоғамдық жұмыс та өмірімнің маңызды бөлігі. «Senim» рационалды психология орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымымын. Қазақстан халқы Ассамблеясының этномедиация кеңесі құрамында өңірдегі татулық пен келісімді нығайту бағытында жұмыс істеймін. Сондай-ақ есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес пен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия құрамында балалар қауіпсіздігі мен отбасы құндылықтары мәселелерімен айналысамын.

Мен үшін ерекше маңызды бағыттардың бірі — «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатындағы жұмыс. Мұнда Отбасын медиациялау және психологиялық қолдау орталығын басқарамын. Негізгі мақсатым — әрбір әйел қиын жағдайда жалғыз емес екенін, көмек сұрау қалыпты әрі маңызды екенін сезінуі.

Мен әйел адам бәріне қабілетті деп сенемін. Ол кәсіби маман, ана, қоғам белсендісі бола отырып, ішкі үйлесімділігін сақтай алады. Ең бастысы — сенімді тірек пен ортақ құндылықтағы жандардың болуы.

Бүгінде мені қолдайтын жандар мен қоғам игілігі үшін еңбек етіп жүрген кәсіби орта бар екеніне қуаныштымын.

Ал сіздің ойыңызша, қазіргі қоғамда әйелдің рөлі қандай болуы керек? 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...

24 мамыр, 2026

Болашақ көшбасшылығы: цифрландыру, жасанды интеллект және жаңа мүмкіндіктер

Nazarbayev University қабырғасында EMBA бағдарламасы аясында «Көшбасшылық 5.0: корпоративтік басқарудағы цифрл...

23 мамыр, 2026

Қарағандының жасыл болашағын бірге қалыптастырамыз

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акцияға қатысты. Қарағ...

10 сәуір, 2026

«ҒАЛЫМ TALKS: ҒЫЛЫМНАН БИЗНЕСКЕ»

Состоялась экспертная сессия «Ғылым Talks: от науки к бизнесу», организованная Женским крылом партии AMANAT со...