Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 8 мамыр, 2026 Қарағанды облысы

Павлодар облысындағы әлеуметтік әріптестік: аналар кеңесі мен тәжірибе алмасу алаңы

Павлодар облысына бір күндік жұмыс сапары аясында Отбасы және ана, әлеуметтік тұрақтылық мәселелері бойынша тәжірибе алмасу семинарына қатысу өтті. Кездесу барысында әйелдер көшбасшылығы, әлеуметтік саясат және қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді алдын алу бағыттары талқыланды.

Павлодар облысындағы әлеуметтік әріптестік: аналар кеңесі мен тәжірибе алмасу алаңы

Павлодар облысына бір күндік жұмыс сапары ел анасы, Павлодар облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Шахановна Максимова ханымның шақыруымен өтті. Ол – өмірін отбасы, ана және қоғамдық келісім мәселелеріне арнаған, жүрегі кең тұлға.

Семинар басталар алдында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Қайыртасқызы Маликова ханыммен кездесу өтті. Біз оны Школа политического лидерства TOMIRIS-тің екінші легіндегі оқу кезінен жақсы танимыз. Кездесу барысында өңірлік ынтымақтастық пен әйелдер көшбасшылығын дамыту мәселелері талқыланды.

Сапар барысында облыстық мәслихат депутаттары Сандуғаш Қаиргелдинқызы Қалижанова, Раушан Жұмабаевна Даумова, сондай-ақ әйелдер көшбасшылығын дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы бағытында әріптес болып жүрген Аурика Георгиевна Дякпен әлеуметтік-демографиялық саясат, әйелдердің қоғамдық-саяси рөлі және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмастық.

Республикалық деңгейдегі «Салауатты сана» жобасы аясында өткен «Қоғамның бес әлеуметтік дертінің алдын алу» семинарының практикалық және пленарлық бөлімдеріне қатыстым. Негізгі назар жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық, буллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылық және лудоманияның алдын алу мәселелеріне аударылды.

Семинар барысында мектептегі есірткіге қарсы посттардың жұмысы, құқық қорғау органдарының профилактикалық бастамалары, Аналар кеңестерінің авторлық жобалары және отбасылармен жұмыс форматтары таныстырылды. Павлодар облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Ирина Александровна Тимиргалиева, Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі төрағасының орынбасары Гүлмира Ерсаиновна Шугабаева, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Сабитқызы Шәкенева және Отбасын қолдау орталығының басшысы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараның мәдени бөлігінде ұлттық тюбетейкалар жасау бойынша шеберлік сабағына қатысып, Павлодар университетінде білім алып жатқан Түрікменстаннан келген студент қыздармен танысу мүмкіндігі болды. Бұл – мәдениетаралық диалог пен достықтың жарқын көрінісі.

Сапардың қорытынды кезеңінде отбасылық үлгідегі балалар ауылына бардық. Балалар ашық, белсенді, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады, шығармашылық және спорттық жетістіктерге ие. Сонымен қатар олар тұрмыстық өмірге белсенді араласып, өз ортасына жауапкершілікпен қарайды.

Бұл бір күндік сапар тәжірибе алмасуға, өңіраралық диалогты нығайтуға және әлеуметтік бастамаларды дамытуға арналған маңызды алаң болды.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...

24 мамыр, 2026

Болашақ көшбасшылығы: цифрландыру, жасанды интеллект және жаңа мүмкіндіктер

Nazarbayev University қабырғасында EMBA бағдарламасы аясында «Көшбасшылық 5.0: корпоративтік басқарудағы цифрл...

6 мамыр, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

8 мамыр, 2026

«AMANAT»: Қонаевта депутаттар мен әкімдер халықпен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін меңгеруде

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен функционалдық құзыретті дамы...