Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 29 мамыр, 2026 Ақтөбе облысы

Әйелдер көшбасшылығын дамыту мәселелері талқыланды

ИДЕЯДАН ІСКЕ: ӘЙЕЛДЕР БАСТАМАСЫ

Әйелдер көшбасшылығын дамыту мәселелері талқыланды

«AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен 10 бағыт бойынша жұмыс тобының қатысуымен маңызды дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында қоғамдағы әйелдердің рөлі, олардың көшбасшылығын дамыту және өңірдегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Жиында ерекше балаларға арналған «Шексіз мүмкіндік» жобасының алдағы жоспары қарастырылып, балаларға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар сөз болды. Сонымен қатар, өңірдегі психологтардың симпозиумын өткізу мәселесі көтеріліп, қоғамдағы психологиялық қолдаудың маңыздылығы айтылды.

Басқосу барысында шалғай ауылдардағы әйелдердің белсенділігін арттыру, оларды қоғамдық жұмыстарға көбірек тарту, кәсіп пен білім бағытында қолдау тетіктері де талқыланды. Қатысушылар ауыл әйелдерінің бастамаларын дамыту үшін нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу соңында алдағы уақытта өтетін шаралар пысықталып, бірлескен жұмыстарды күшейту жөнінде ортақ келісім жасалды. Осындай кездесулер әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттырып қана қоймай, маңызды жобалардың жүзеге асуына серпін беретіні анық.

 

@aqtobe_women_amanat

Тегтер
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау және заң жобаларының гендерлік сараптамасын ұйымдастыру Психологиялық қызмет институтының жұмыс істеуіне жәрдемдесу Ауылдық жерде әйелдердің бизнесін дамытуға және әйелдердің қаржылық сауаттылығын қамтамасыз етуге көмектесу Әйелдердің денсаулығын және отбасы институтын нығайтуға көмектесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

16 қаңтар, 2026

Ақтөбедегі әйелдер қанаты мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жолдарын қарастырды

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

8 маусым, 2026

Абай университетінде әйелдер көшбасшылығын дамытуға арналған жаңа EMBA бағдарламасы іске қосылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған...