«Әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы»
«AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының 10 бағытының бірі – «Әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы» бағыты аясында кезекті отырыс өтті.
Жиында аталған бағыт бойынша жетекшілік ететін Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Райса Оразбекқызы Байлиева алдағы міндеттер мен жоспарларды таныстырып, жылдық іс-шараларды жүзеге асыру жолдарын талқылауға ұсынды. Отырыс барысында әр сала өкілдерінен құралған комиссия мүшелері өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесуге Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының Ақтөбе облысы бойынша кеңесшісі Масалимова Күлшат Қабылбекқызы қатысып, әр бағыт аясындағы мақсат-міндеттерді нақтылап, жұмысты жүйелі әрі тиімді жүргізу жолдарына тоқталды.
Нәтижесінде алдағы нақты қадамдар айқындалып, бірлескен жұмыстың басым бағыттары белгіленді.
Кезектегі жұмыстар қарқынды түрде жалғасады.