ӘЖЕ ӨНЕГЕСІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ
Отбасы күніне орай аудандық партия филиалының төрағасы Талғат Мұратұлы Даргужиев "Сырым жауһарлары" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бахитова Мәншүк Ғарифоллақызы ұйымдастыруымен, ауылдық округтерден әжелер, немерелер мен келіндердің қатысуымен өткен «Әже өнегесі – ұрпаққа аманат» атты тағылымдық шараға өтті.
Қазақ үшін отбасы – тәрбие мен тәрбиенің, мейірім мен өнегенің, салт пен дәстүрдің алтын бесігі. Ал сол бесіктің берекесін сақтап, ұрпаққа бағыт-бағдар беруде әжелер орны ерекше.
Шара барысында әжелер өмірден түйген тағылымды әңгімелерімен бөлісіп, келіндерге ақыл-кеңесін айтып, немерелеріне ақ батасын берді. Үш буынның бір шаңырақ астында бас қосуы – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болды.
«Әділет» партиясы қоғамның негізі саналатын отбасы құндылықтарын нығайтуға, ұлттық дәстүр мен адамгершілік қағидаттарын дәріптеуге ерекше мән береді. Себебі отбасындағы тәрбие – елдің ертеңіне салынған инвестиция.
Әже өнегесін көрген немере үлкенді сыйлауды үйренеді. Келіннен көрген ізеттілік пен мейірім келесі ұрпаққа жалғасады. Осылайша, бір отбасының өнегесі – тұтас қоғамның құндылығына айналады.
Әже – өткеннің өнегесін бүгінге жеткізуші,
Келін – сол өнегенің жалғастырушысы,
Немере – ертеңгі күннің үміті.
Бүгінгі тағылымды шара – ұлттық тәрбиені ұлықтап, отбасылық құндылықтарды дәріптеудің, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсетудің маңызын тағы бір мәрте айқындады.
Отбасы берік болса – қоғам да берік.
Ұрпақ тәрбиесі мықты болса – елдің болашағы да жарқын! ![]()