«Бақытты балалық шақ» – мейірім мен қамқорлыққа толы күн
Бұл бастаманың басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балаларға қоғамның назарын аудару ғана емес, олардың ортаға еркін араласуына жағдай жасау, ата-аналарына моральдық қолдау көрсету және инклюзивті қоғам құндылықтарын қалыптастыру.
https://www.facebook.com/share/r/16SamUeb1su/
«Әділет» партиясы Ақтау қалалық филиалы мен партияның жастар қанатының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бақытты балалық шақ» атты қайырымдылық инклюзивті түскі ас ұйымдастырылды.
Іс-шара қаламыздағы мейрамханалардың бірінде өтіп, ерекше балалар мен олардың ата-аналарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар үшін жайлы орта қалыптастырылып, бірге уақыт өткізіп, дәмді тағамдардан ауыз тиіп, жылы жүздесуге мүмкіндік жасалды.
Әрбір бала бақытты балалық шаққа лайық. Ал балаға сыйлаған бір сәттік қуаныш – оның жүрегінде ұзақ сақталатын үлкен жылулық.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бірге болсақ, әр балаға бақыт сыйлай аламыз!